ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалында 2022 жылғы 31 қаңтардан бастап жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне «Ағылшын тілін деңгейлеп оқыту» 3 айлық тілдік курсы басталды.
⠀
Курстың мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің шет тілін қарым-қатынас құралы ретінде игеріп, оны ауызша және жазбаша қарым-қатынаста және тілдік оқу іс-әрекетінің 4 түрінде, атап айтқанда рецептивті тыңдау және оқу, өнімді сөйлеу және жазу, сонымен қатар, лексика, фонетика және грамматика секілді тілдің үш түрлі аспектілері бойынша қолдануды меңгеру.
⠀
Курсты ағылшын тілі оқытушысы, «Білімнің жаһандануы: тәжірибе мен саясат» мамандығы бойынша «Болашақ» бағдарламасының магистранты Үмбетжанова Гүлбану Менажахадинқызы жүргізуде.
⠀
Курсқа қатысушылар ағылшын тілінің бастауыш деңгейі бойынша оқу, жазу, сөйлеу, тыңдалым дағдыларын қалыптастыруда.