Бүгін Атырау облыстық сотында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалының директоры Еркебұлан Серікұлы мен Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерлету кабинетінің меңгерушісі Назерке Ғалымжанқызы Академияға оқуға түсудің артықшылықтары мен құжат тапсырудағы бірқатар өзгерістер бойынша ақпараттық сессия өткізді.
Аталған кездесуге Атырау облысының аудандық сот мамандары да онлайн форматта қатысты.
Құжаттарды тапсыру мерзімі 2024 жылғы 1 сәуірден 26 маусымға дейін жалғасады.
Құжаттар Академияның ақпараттық жүйесі арқылы онлайн форматта https://admission.apa.kz сайты арқылы қабылданады.
ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР:
- Мемлекеттік органның жолдамасы (тек мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуға түсушілер үшін);
- Жеке басын куәландыратын құжаттың сканерленген нұсқасы;
- Білім туралы құжаттың сканерленген нұсқасы (қосымшасымен бірге);
- QAZAQ RESMI TEST немесе ҚАЗТЕСТ сертификаты;
- Еңбек қызметін растайтын құжат (мемлекеттік қызметшілер үшін қызметтік тізім);
- MPA, MIR, DIR, DPA, DE бағдарламаларына түсу үшін халықаралық сертификаттардың бірі (IELTS, TOEFL IBT немесе TOEFL ITP, TOEIC):
- Докторантура бағдарламаларына түсушілер үшін: зерттеу жұмысы жоспарының жобасы (research proposal);
- ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық өтініш.
Академиялық талаптарға сәйкес, серіктес жоғары оқу орындарында шетелдік тағылымдамадан өту және қос диплом бағдарламасы бойынша білім алу мүмкіндігі қарастырылған.
Білім беру бағдарламалары, қабылдау шарттары және құжаттар туралы қосымша ақпаратты www.apa.kz Академия сайтынан немесе төменде көрсетілген контактілер арқылы біле аласыз: 8 (7122) 51-94-92, 49-22-94; 8778-565-56-59