Жаңалықтар

АТЫРАУ ӨҢІРІНЕ ҚАЖЕТТІ ЖОБАЛАР ҚОРҒАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалында  «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілер үшін  қайта даярлау курсы өз мәресіне жетті.

Тыңдаушылар курс нәтижесі бойынша өздерінің кәсіби білім, дағдыларын жетілдірумен қатар,  өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, халық игілігі жолында өзекті келесідей жоба жұмыстарын қорғады.

-«Томарлы ауылына 24 км жол салу»
-«Қайыршақты ауылдық округі, Талғайран-2 ауылына №50 мектеп-гимназиясының құрылысы»
-«Қайыршақты» коммуналдық базарының құрылысы»

Аталған жобалардың жетекшісі Алматы менеджмент университетінің Атырау қаласы өкілдігінің директоры, профессор, доцент, экономика ғылымдарының кандидаты, филиал доценті – Джетписова Әлия Байтілеуқызы.

Жобалық жұмыстарды бағалайтын комиссия мүшелерінің құрамы:
Аязбаева Назерке Ғалымжанқызы – Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерілету кабинетінің меңгерушісі
Қуаныш Айгүл Базарбайқызы – Атырау облыстық жобалық кеңсе мүшесі, Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бөлім басшысы
Сарманов Нұрболат Әлібекұлы –  Мақат ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі

Жобалық ойлау машықтарын жеке және кәсіби өмірде қолданып,  мақсатқа жету жолында мемлекеттік қызметшілерге сәттілік тілейміз!