Академия
жаңалықтары

27
Желтоқсан
Назар аударыңыз! Конкурс!

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалы

2025 жылға мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстары мен біліктілік арттыру семинарлары бойынша дәріс жүргізуге дәріскерлерді конкурсқа шақыратындығын хабарлайды

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстарының (пәндерінің) бағыттары:

  1. «Адал азамат» – мемлекеттік қызметшілердің кәсіби-тұлғалық болмысы
  2. Басқарушының сөз мәдениеті
  3. Басшының витальді және эмоционалды интеллекті
  4. Көпшілік алдында сөйлеу
  5. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу
  6. Практикалық аналитика
  7. Коммуникациялық менеджмент
  8. Стратегиялық жоспарлау және бюджеттеу
  9. Деректер негізінде басқарушылық шешімдер қабылдау
  10. Жобалық менеджмент
  11. Мемлекеттік органдардағы цифрландыру
  12. Өңірде мемлекеттік саясатты жүзеге асыру
  13. Басқарушылық коучинг
  14. Өзгерістерді басқару
  15. Басшыларға арналған стратегиялық HR
  16. Көшбасшылық. Pro-белсенді басшы
  17. Бастамашылдық және жауапкершілік
  18. Тайм және стресс-менеджмент
  19. Коучинг
  20. Витальді және эмоционалды интеллект
  21. Әдеп және парасаттылық
  22. Ойлау дизайны және адамдарға бағдарлану
  23. Кәсіби коммуникациялар
  24. Стратегиялық менеджмент
  25. Деректерді талдау
  26. Шешендік өнер. Презентацияларды дайындау
  27. Ресми жазылым
  28. E-Otinish. Азаматтардың өтініштерімен жұмыс

 

Біліктілік арттыру семинарларының тақырыптары:

 

  1. «Цифрлық гигиена» және ақпараттық қауіпсіздік
  2. Жасанды интеллект: пайдасы мен ықтимал қауіптері
  3. Әлеуметтік деректер негізінде тиімді өңірлік басқару
  4. Бюджетті тиімді басқару: бюджет шығындарын оңтайландырудың әдістері мен құралдары (өңірлік компонент)
  5. HR бизнес-серіктес: ҚР СТ ISO 30400-2018, 30405- 2018, 30407-2018, 30408-2018 Адами ресурстарды басқару жөніндегі Ұлттық стандарттар бойынша «Кәсіби деңгей» санатына сертификаттауға дайындық
  6. Жергілікті атқарушы органдардың әкімшілік және азаматтық сот істерін жүргізуге қатысу ерекшелігі
  7. Бухгалтерлік есеп және салық есебі
  8. Салық салудың заманауи тәсілдері
  9. Наразылық белсенділігімен тиімді өзара іс-қимыл жасау және келіссөздер процесін жүргізу
  10. Сот ісін жүргізу практикасы: істерді дайындау және жүргізу стратегиялары
  11. Дамуға және мақсаттарға жетуге арналған коучинг құралдары
  12. E-өтініш: азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу
  13. Мемлекеттік органның цифрлық трансформациясы
  14. Тілдік құзыреттілікті дамыту: диагностика және дағдыларды жетілдіру
  15. Жеке тиімділік: тайм-менеджмент және стресс-менеджмент
  16. Стратегиялық HR-менеджмент
  17. Халық үніне құлақ асатын мемлекет: халықпен және азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл құралдары
  18. Көпшілік алдында сөйлеу және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекеттесу стратегиялары
  19. Ең алдымен – адамдар: мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың практикалық құралдары
  20. Мемлекеттік қызметтегі әдеп және кәсібилік: сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық
  21. Дағдарыс жағдайында тиімді коммуникация стратегиялары: күрделі жағдайларды басқару
  22. Бюрократиядан арылу және мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру (өңірлік компонент)
  23. Мемлекеттік сатып алулар: практикалық қолданылуы (өңірлік компонент)
  24. Цифрлық құзыреттерді дамыту. Мемлекеттік органның цифрлық трансформациясы
  25. Мемлекеттік сектордағы келіссөздер және медиация: ымыраға келу өнері
  26. Жобалық менеджмент: ҚР СТ ISO 21502-2022 сертификаттауына дайындық (жоба басшысы)
  27. Креативті индустрия: мемлекеттік органдар үшін перспективалар
  28. Гендерлік теңгерім жағдайындағы көшбасшылық
  29. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс
  30. Мемлекеттік қызметшінің шешендік өнері

 

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер келесі критерийлерге сай болуы тиіс:

 

1) жоғары білімінің (маман) немесе магистр дәрежесінің болуы (PhD, ғылым

кандидаты немесе докторы дәрежесінің болғаны жөн);

2) мемлекеттік қызмет саласында кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесінің

немесе мемлекеттік/квазимемлекеттік секторларда кемінде үш тренинг өткізу

тәжірибесінің болуы (іске асырылған жобалар үміткердің түйіндемесінде

көрсетіледі);

3) Қазақстан Республикасының бағдарламалық және стратегиялық

құжаттарын, Академияның құндылықтарын, миссиясы мен көзқарасын білу

(әңгімелесу кезеңінде расталады);

4) мемлекеттік және орыс тілдерін білу, мүмкіндігінше ағылшын тілін білу;

5) оқытудың интерактивті әдістемелерін меңгеру;

6) мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласында тәжірибеге

бағдарланған кейстердің болуы, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер жұмысының

ерекшелігін, олардың міндеттері мен жауапкершілігін түсіну;

7) ұсыныс хаттар (мүмкіндігінше).

 

Конкурс іріктеуіне қатысу үшін құжаттарыңызды atr.info@apa.kz  электронды адреске жіберуіңіз қажет:

  • түйіндеме (үлгі бойынша); 
  • жоғары білім туралы құжат (магистратура, PhD);
  • таңдалған тақырып бойынша презентация (үлгі бойынша). 

 

Конкурстық іріктеуге құжаттарды қабылдау 2025 жылдың 20 қаңтарына  

дейін жүргізіледі.

Байланыс мәліметтері: Атырау қаласы, Сұлтан Бейбарыс даңғылы, 419

Тел: 8(7122) 51 94 92; 8(7122)51 85 19

87027108800 Аязбаева Назерке Ғалымжанқызы

87028208560 Мұратбекова Айнұр Айтжанқызы

87789260032 Қуанғалиева Камшат Қайратқызы

Электронды почта: atr.info@apa.kz

Барлығы