13-15 қараша аралығында Академияның Атырау облысы бойынша филиалында «Ең алдымен – адамдар: мемлекеттік қызметтер сапасын арттырудың практикалық құралдары» тақырыбында семинар өтті.
Бұл семинардың негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру үшін тәжірибелік дағдылар мен құзыреттіліктерді дамыту.
Семинар барысында мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дағдыларын жетілдіру, азаматтардың сұраныстары мен қажеттіліктеріне жедел жауап беру мәселелері қаралды. Оқыту барысында қатысушылар мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі қағидаттарын талқылап, қызмет көрсету үдерісіндегі қателіктерді шешу жолдарын қарастырды.
Аталған семинар аясында тыңдаушылар мемлекеттік қызмет көрсетудегі проактивті әдіс, этикалық стандарттар, ақпараттық технологиялар туралы білімдерін жетілдірді.