13-17 наурыз аралығында филиалда «Ең алдымен адамдар: мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың практикалық құралдары» тақырыбында семинар басталды.
Семинар барысында мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша кәсіби құзыреттіліктер, қажетті тәжірибелік білім және дағдыларды меңгеріп, төмендегідей пункттерді игереді:
Шешімдер қабылдау
Қызметті басқару
Ынтымақтастық және өзара әрекеттесу
Қызмет тұтынушыға бағдарлану және ақпараттандыру
Алғашқы күннің дәріскері: Алтыбай Данияр Алтыбайұлы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы
Қатысушыларға сәттілік тілейміз!