Жаңалықтар

ФИЛИАЛДА «ТИІМДІ КОММУНИКАЦИЯЛАР» ТАҚЫРЫБЫНДА БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Бүгін Академияның Атырау облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызметшілердің қоғаммен байланысын жақсарту мақсатында «Тиімді коммуникациялар» біліктілікті арттыру семинары аяқталды.

Тыңдаушылар бес күндік семинарда халықпен тиімді байланыс принциптері, мемлекеттік қызметшінің эмоционалды икемділігі, тиімді келіссөз өткізудің стратегиялары, іскерлік коммуникациялардың ерекшеліктері секілді тақырыптар бойынша тренингтерге қатысып, практикалық тұрғыда біліктіліктерін арттырды.

Семинар аясында қатысушылар көпшілік алдында дұрыс сөйлеу техникаларын меңгеріп, ақпаратты жеткізудің стильдері мен ұтымды құралдарын зерделеді.