Жаңалықтар

МЕДИАЦИЯ – ДАУ-ЖАНЖАЛДАРДЫ РЕТТЕУ ТӘСІЛІ

-Медиация не үшін қажет, оның соттан айырмашылығы неде?
-Медиация Қазақстанда қаншалықты тиімді жұмыс істейді?
-Дау-жанжалдарды шешудегі медиатордың атқаратын рөлі қандай?

Бұл сұрақтар төңірегінде Халықаралық медиация орталығының Атырау облысы бойынша өкілдік директоры, кәсіби медиатор Марданова Гүлбаршын Марданқызы семинар тыңдаушыларымен бірге ой бөлісті.

Тыңдаушылар:
«Медиация – қақтығыстарды зорлық-зомбылықсыз шешудің құралы ретінде. Даулар мен жанжалдарды шешудің балама тәсілдері»
«Екіжақты келіссөз үдерістеріндегі медиатордың рөлі. Тиімді келіссөздер жүргізу алгоритмі» тақырыптарында дәріс тыңдап, пікір алмасты.