Филиалда 21 ақпанда «Ең алдымен – адамдар: мемлекеттік қызметтер сапасын арттырудың практикалық құралдары» тақырыбында семинар бастау алды.
⠀
Семинар нәтижесі бойынша тыңдаушылар мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша кәсіби құзыреттіліктер, қажетті тәжірибелік білім және дағдыларды меңгеріп, келесі құзыреттіліктерді игереді:
-Шешімдер қабылдау
-Қызметті басқару
-Ынтымақтастық және өзара іс-қимыл
-Көрсетілетін қызметтерді тұтынушыға бағдарлау және оған ақпарат беру.
⠀
Семинар тыңдаушыларына сәттілік тілейміз!