Аталмыш тақырыпта бүгін филиалда орталық атқарушы мемлекеттік органдары қызметкерлеріне 5 күндік біліктілік арттыру семинары басталды.
Семинар мақсаты – тыңдаушылардың персоналды басқаруда стратегиялық менеджмент құралдарын қолдану үшін кәсіби құзыреттері мен тәжірибелік дағдыларын дамыту.
5 күндік семинар барысында тыңдаушылар қызметтегі басқарушылық аспектілермен қатар:
–стратегиялық ойлау
-стратегиялық көзқарас
–инновативтілік
-шешімдер қабылдау
секілді кәсіби және тәжірибелік құзіреттіліктерді меңгереді.
Операциялық және стратегиялық HR менеджментінің айырмашылығы туралы интерактивті пікірталасты ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалының аға оқытушысы Молдабеков Еркебұлан Байғалиұлы бөлісті.
Дәріс барысында тыңдаушылар Операциялық және стратегиялық HR менеджментінің айырмашылығы бойынша интерактивті пікірталастарға қатысты, сұрақтарын қойылып, өзара жауап алысып, белсенді түрде қатысты.