Өткен тарихқа көз жүгірту және танымдылығын арттыру мақсатында “ Мемлекеттік тіл саясаты: жазу және сөйлеу дағдылары “ атты 5 күндік біліктілік арттыру семинары аясында жергілікті және орталық атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайында болды.
Мұражайдың жалпы және қазіргі кезең тарихын қамтитын ғылыми қорымен, археология, этнография, өлке табиғаты, экспозициялық – көрмелік жұмыстарымен танысты.
Сонымен қатар, мұражайдың құнды жәдігерлері
– «Тылсым дәуір»
– «Этнография»
– «Археология»
– «Өлке табиғаты»
– «Өлке тарихы ХІІ-ХХ ғ.І – ші жартысы»
– «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы»
– «Өлке мәдениеті мен әдебиеті»
– «Қазақстан Тәуелсіздігі»
секілді экспозициялық залдары назардан тыс қалмады.
Мұражай қызметкерлері көне мұралармен таныстырып, келушілердің рухани баюына септігін тигізіп, құнды ақпараттармен бөлісті.