Филиалда «Тиімді басқарушылық шешімдер қабылдау құралдары: cost-benefit analysis» тақырыбында семинар басталды.
Семинардың мақсаты – тиімді басқарушылық шешімдер қабылдау құралдарын меңгеру, кәсіби құзыреттері мен практикалық дағдыларын дамыту
⠀
40 сағаттық семинар бағдарламасы келесі құзыреттерді қамтиды:
-Шешімдер қабылдау
-Стратегиялық жүйелі ойлау
-Қызметті басқару
-Цифрлық дағдылар
⠀
Қатысушылар семинар нәтижесінде ұсынылатын бастамалардың тиімділігін бағалау және талдау құралдарын қолдану арқылы басқарушылық шешімдер қабылдаудың кәсіби құзыреттері мен практикалық дағдыларын дамытады.
⠀
Дәріскер Джетписова Әлия Байтілеуқызы:
«Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі «Ең алдымен адамдар» – адамға бағдарланған моделін қалыптастыру» тұжырымдамасы»;
«Мемлекеттік сектордағы cost-benefit analysis-ке кіріспе»;
«Мемлекеттік саясатты талдау әдісі» тақырыптарында дәріс оқыды.
⠀
Интерактивті пікірталас форматында өткен дәріс барысында қатысушылар өздерінің тікелей қызметіне байланысты практикалық кейстерді талқылады.