Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасында мемлекетті басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі «Ең алдымен адамдар» – адамға бағдарланған моделін қалыптастыру Тұжырымдамасы аясында, 23 мамыр күні филиалда аталмыш тақырыпта біліктілік арттыру семинары басталды.
Онлайн семинар барысында тыңдаушылар келесі тақырыптарға шолу арқылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша кәсіби құзыреттерін дамытатын болады:
-Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасындағы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету;
-Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және басқару;
-Қызмет тұтынушылардың қанағаттану деңгейін анықтау;
-Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жетілдіру;
-Мемлекеттік қызмет көрсетудегі проактивті тәсіл;
-Мемлекеттік қызметтер көрсетуде адамдарға бағдарлану;
Семинар барысында тыңдаушылар тәжірибелік кейстерді талдап, қажетті тәжірибелік білім мен дағдыларды меңгереді деген сенімдеміз.