Бүгін осы тақырыпта филиалда 5 күндік семинар онлайн форматта басталды.
⠀
Семинардың мақсаты:
шиеленіс және дағдарыс жағдайларында тиімді келіссөздер жүргізу, мінез-құлық дағдылары, қақтығыстардың алдын-алу жолдары бойынша мемлекеттік қызметшілердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру
⠀
Келіссөз барысында психологиялық байланысты қалай құрамыз?
⠀
Келіссөзге қажет кәсіби құзыреттіліктер және оларды қалай дамытуға болады?
⠀
Мемлекеттік қызметшілердің халықпен тиімді өзара іс-қимылының тәжірибелік құралдары қандай?
⠀
Конфликт кезеңдері, оны қалай басқаруға болады?
– Медиация, екіжақты келіссөз үдерістеріндегі медиатордың рөлі
⠀
Семинар барысында тыңдаушылар осы және өзге де сұрақтарға жауап алып, келіссөздер жүргізу дағдыларын және қақтығыстарды шешу тәсілдерін меңгермек.