Академия
жаңалықтары

25
Қаңтар
Штаттан тыс лекторларды тарту үшін конкурс өтті
2022 жылдың 25 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалында жоспар кестеге сәйкес «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген және басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілер үшін қайта даярлау курстарының және біліктілікті арттыру семинарларында сабақтар өткізу үшін штаттан тыс лектор ретінде тарту үшін конкурс өткізілді.
Комиссия мүшелері ретінде:
Момынқұлов Жанат Байжомартұлы – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Кәсіби даму институты директорының орынбасары
Наурызбаев Абылайхан Дағыстанұлы – Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары
Аязбаева Назерке Ғалымжанқызы – филиалдың Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерілету кабинетінің меңгерушісі
Молдабеков Еркебұлан Байғалиұлы – филиалдың аға оқытушысы қатысты.
Комиссия мүшелеріне конкурсқа қатысушылардың құжаттары мен презентациялары ұсынылды. Конкурсқа қатысушыларға қосымша сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер айтылды.

Барлығы